Балқаш қаласы әкімдігінің
Ресми сайт
poisk

2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап атаулы әлеуметтік көмек көрсетудің жаңа тәсілдері туралы

         2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек (бұдан әрі - АӘК) жаңа форматта берілетін болады. 2019 жылы тағайындалған АӘК төлемдері тоқтатылды.

         Өзгертілген АӘК тәсілі ашықтықты, әділеттілікті қамтамасыз етуге, сонымен қатар жұмысқа деген ынтаны арттыруға бағытталған.

         АӘК төлеу тәсілдері өзгерді. Бұрынғыдай, АӘК отбасының әрбір мүшелеріне шаққандағы кірісі кедейлік шегінен төмен аз қамтылған отбасыларға төленеді, яғни облыс бойынша ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70 пайызы (2020 жылдың 1 тоқсаны - 20199 теңге).

         АӘК мөлшері балаларды қоса алғанда, отбасының барлық мүшелеріне кедейлік шегі мен жан басына шаққандағы табыс арасындағы айырмашылық ретінде анықталады. Тоқсан сайын үш айға тағайындалады. Балаларға бекітілген АӘК 20789  теңге мөлшеріндегі төлемнің күші жойылды.

         Еңбекке қабілетті адамдарға қойылатын талаптар күшейтіледі.   АӘК тағайындаудың басты шарттарының бірі еңбек ету және отбасы үшін жауапкершілік болып табылады. Егер еңбекке жарамды отбасы мүшесі жұмысқа орналасуға ұсынылған шаралардан бас тартса, онда оның отбасының барлық мүшелері АӘК құқығынан айрылады. Сондай-ақ, бала күтімімен айналысатын аналар, бала үш жасқа толғаннан кейін белсенді жұмыспен қамту шараларына қатысуы керек.

           Республикалық бюджет қаражаты есебінен көп балалы отбасыларға мемлекеттік жәрдемақы түрінде қосымша шаралар енгізіледі. Жәрдемақы төлеу отбасының табысына байланысты болмайды және 4 немесе одан да көп кәмелетке толмаған балалары бар барлық отбасыларға және 23 жасқа дейінгі күндізгі оқу бөлімінде оқитын студенттерге төленеді:

•        төрт балаға - 42 496 теңге;

•        бес балаға - 53127 теңге;

•        алты балаға - 63 757 теңге;

•        жеті және одан да көп балаға - 74 388 теңге.

 

         Сонымен қатар, аз қамтылған отбасылардағы 1 жастан 6 жасқа дейінгі балалар қосымша азық-түлік жиынтығы мен гигиена заттарынан тұратын, кепілдендірілген әлеуметтік пакет алады.

 

 

 

         Атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау тәртібі туралы толық ақпаратты «Балқаш қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ және «Қарағанды облысы Балқаш қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту  орталығы» КММ-нен демалыс (сенбі, жексенбі) күндерінен басқа, сағат 13:00-ден 14:30-ға дейінгі түскі үзіліспен, күн сайын сағат 9:00-ден 18:30-ға дейін алуға болады.

Мекенжай: Уалиханов көшесі, 5, №3,7,13 кабинеттер, телефон 8(71036)44061,65070.

 

 

«Балқаш қаласының жұмыспен қамту

және әлеуметтік бағдарламалар

бөлімі» ММ-нің  басшысы                                           Ж.Томпиева


Дата редактирования: 16 Қаңтар 2020

© 2007-2020 Балқаш қаласының әкім аппаратының ақпараттық порталы Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Яндекс.Метрика
© 2020 Зерттеме және сүйеніш: "Creatida" Интернет-компаниясы
На главную
Назад
Вверх