Балқаш қаласы әкімдігінің
Ресми сайт
poisk

Хабарландыру

31.01.2020

ХАБАРЛАМА


 

Қарағанды облысы Балқаш қаласының әкімдігі ауыл шаруашылығы өндірісі үшін 10 жыл мерзімге уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) құқығын беру бойынша конкурс өткізеді.

            Қарағанды облысы Балқаш қаласының әкімдігі конкурсты өткізу туралы хабарлама алғаш рет жарияланған күннен бастап отыз күнтізбелік күн өткен соң конкурсқа қатысуға арналған өтінімдерді қабылдауды бастайды.

Конкурсқа қатысуға арналған өтінімдерді қабылдау және тіркеу өтінімдерді қабылдау басталған күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.

Өтінімдерді қабылдау 2020 жылдың 2 наурызынан бастап 2020 жылдың 26 наурызына дейінгі аралықта Балқаш қаласы, Уәлиханов көшесі, 3, 2-қабат, №214 кабинет, мекенжайы бойынша жүзеге асырылады.

Конкурсқа қатысуға арналған өтінім қағаз тасығышта қолма-қол не почта арқылы немесе Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 24 қарашадағы «Ақпараттандыру туралы» Заңына сәйкес «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы өтінімдерді беру мерзімі аяқталғанша беріледі. «Электрондық үкімет» веб-порталы арқылы берілген конкурсқа қатысуға арналған өтінім аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарына электрондық құжат айналымы арқылы түседі. Конкурсқа қатысуға арналған конкурстық ұсыныс аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарына өтінімдерді қабылдау басталған күннен бастап көрсетілген мерзім аяқталғанға дейін он бес жұмыс күні ішінде қолма-қол енгізіледі, одан кейін өтінім электрондық құжат айналымы жүйесінде тіркеледі.

Конкурсқа қатысуға арналған өтінімдерді беру мерзімі аяқталғаннан кейін келесі күні жер комиссиясы түскен жабық конверттерді ашу жолымен (конкурсқа қатысушылардың қатысуынсыз) конкурстың қорытындысын шығарады.

Конкурстың аяқталған күні қорытынды шығарылған күн болып есептеледі. Конкурстың қорытындысы конкурсқа қатысуға өтінім беру мерзімі аяқталғаннан кейін келесі күні өткізіледі.

             Конкурстың өтетін күні, уақыты және орны: конкурс қорытындысы Қарағанды облысы, Балқаш қаласы, Уәлиханов көшесі, 3 үй, 2 қабат, №217 кабинет, мәжіліс залы мекен-жайы бойынша 2020 жылғы 27 наурызда сағат 15.00-де шығарылады.

 

Конкурсқа шығарылатын жер учаскелерінің тізбесі:

Жер учаскесінің қысқаша сипаттамасы

Жер учаскесінің орналасқан жері

Ауданы, га

Жалға алу мерзімі, жыл

1

Ауыл шаруашылығы өндірісі

Балқаш қаласы, Балықтыкөл аймағы, Саяк кентінен 30 шақырым, Қарақұмнан 21 шақырым

200

10

2

Ауыл шаруашылығы өндірісі

Балқаш қаласы, Саяк кенті, Байғабыл түбегінің батыс бөлігі

2500

10

3

Ауыл шаруашылығы өндірісі

Балқаш қаласы, Балқаш қаласынан 5 шақырым шығысқа қарай

1000

10

4

Ауыл шаруашылығы өндірісі

Балқаш қаласы, Қоңыраттан 10 шақырым солтүстік-батысқа қарай

2000

10

5

Ауыл шаруашылығы өндірісі

Балқаш қаласы, бұрынғы Шығыс-Қоңырат кенішінің аумағы

2000

10

23

Ауыл шаруашылығы өндірісі

Балқаш қаласы, Саяк кентінің алабарлы учаскесі, Тікшоқы жері

1000

10

7

Ауыл шаруашылығы өндірісі

Балқаш қаласынан 30 км солтүстік шығысы

1200

10

 

 

Конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар беріледі:

      1) конкурсқа қатысуға арналған өтінім;

      2) конкурстық ұсыныс.

 

Ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсқа қатысуға өтінімде:

      1) Қазақстан Республикасының мемлекеттік емес заңды тұлғалары үшін – заңды тұлғаның атауы, оның тұрған жері, заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркелуі (қайта тіркелуі) туралы мәліметтер, жарғылық капиталдағы (жарғылық капиталдың жалпы мөлшерінен) үлестерінің мөлшері көрсетіле отырып, өтінім берушінің – заңды тұлғаның басшылары мен қатысушылары немесе акционерлері туралы мәліметтер, өтінім берушінің үлестес тұлғалары туралы мәліметтер;

      2) жеке тұлғалар үшін – өтінім берушінің тегі, аты және әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілген болса), тұрғылықты жері, азаматтығы, жеке сәйкестендіру нөмірі, өтінім берушінің жеке басын куәландыратын құжат туралы мәліметтер;

      3) өтінім беруші үміттеніп отырған жер учаскесінің орналасқан жері;

      4) конкурстық ұсыныс;

      5) өтінім беруші ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурстың жеңімпазы деп танылған жағдайда, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) шартына қол қою қажеттігі туралы хабарламаны алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде көрсетілген шартты жасасу жөніндегі міндеттеме қамтылуға тиіс.

      Ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсқа қатысуға өтінімді жеке тұлғаның немесе Қазақстан Республикасының мемлекеттік емес заңды тұлғасының уәкілетті өкілдері Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес берілген және ресімделген сенімхаттың негізінде ұсына алады.

 

Конкурстық ұсыныста:

      1) бизнес-жоспар (инвестициялардың болжамды көлемі, ауыл шаруашылығы дақылдарын өңдеп-өсіру алаңдары, ауыл шаруашылығы жануарларының мал басы, қолданылатын агротехнологиялар, ауыл шаруашылығы техникасы мен технологиялық жабдықтың, ауыл шаруашылығы саласындағы білікті мамандардың болуы, құрылатын жұмыс орындарының саны);

      2) шаруашылықішілік жерге орналастыру жобасын жасау және игеру, ауыл шаруашылығы инфрақұрылымын дамыту жөніндегі іс-шараларды орындау;

       3) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 268 бұйрығымен бекітілген (мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11549 болып тіркелген) Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерді ұтымды пайдалану қағидаларын қоса алғанда, Қазақстан Республикасы жер заңнамасының талаптарын орындау, өңірдің мамандануына сәйкес ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс алаңдары құрылымын әртараптандыру бойынша индикативтік көрсеткіштерді орындау, ғылыми негізделген агротехнологияларды, фитосанитариялық және карантиндік талаптарды сақтау жөніндегі міндеттемелер қамтылуы тиіс.

      Конкурстық ұсыныста өтінім беруші ұсынған міндеттемелер мен бизнес-жоспар ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) шартының ажырамас бөлігі болып табылады.

    

Конкурстық ұсынысты, «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы беру жағдайларын қоспағанда, конкурсқа қатысушы беттері нөмірленіп, тігілген түрде мөрленген немесе өшірілмейтін сиямен жазылған жабық конвертте ұсынады, конкурстық ұсыныстың соңғы беті жеке тұлғалар (немесе сенімді өкіл) үшін - қатысушының қолымен және заңды тұлғалар үшін - бірінші басшының (немесе сенімді өкіл) қолымен және мөрімен (бар болса) куәландырылады.

 

      Өтінімде және конкурстық ұсыныста қатысушыға грамматикалық және арифметикалық қателерді түзету қажет болған жағдайларды қоспағанда, жолдар арасында ешқандай кірістірмелер, өшірулер немесе қосып жазулар болмауы тиіс.

 

      Конкурстық ұсыныстың жабық конвертінде «ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурс» және  «жылғы __________»_____ » дейін ашуға болмайды» (ашудың нақты күні көрсетіледі) деген сөздер жазылады.

 

       Жер кодексінің 43-1-бабы 9-тармағының талаптарына сәйкес келмейтін конкурсқа қатысуға арналған өтінімнен бас тартылады.

Конкурсты өткізу тәртібі туралы мәліметтер мен қосымша ақпаратты Қарағанды облысы Балқаш қаласы әкімдігінің интернет-ресурстарынан алуға болады www.balkhash.gov.kz немесе тел.: 8(71036)41059 «Балқаш қаласының жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ.

 



Кері қайту

01.01.1970
01.01.1970
01.01.1970

Ауа райы

32°
В Балхаше: ясно, Влажность 24%, Давление 719, ветер 2 м/с

Валюта курстары

USD 414.13
Euro 451.40
Рубль 5.80

Дауыс бер

Получали ли Вы электронные услуги на портале электронного правительства? Жауап беруДауыс беру мұрағаты
© 2007-2020 Балқаш қаласының әкім аппаратының ақпараттық порталы Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Яндекс.Метрика
© 2020 Зерттеме және сүйеніш: "Creatida" Интернет-компаниясы
На главную
Назад
Вверх