Балқаш қаласы әкімдігінің
Ресми сайт
poisk

Балқаш қаласының 2019 жылғы 1 тоқсандағы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары туралы


Балқаш қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуы тұрақты және серпінді,  бұған дәлел өткен тоқсандағы жұмыс қорытындылары.

Балқаш қаласы бойынша негізгі капиталға салынған инвестициялар, мердігерлік құрылыс жұмыстары, ауыл шаруашылығы өнімдері, тұрғын үйді іске қосу, сондай-ақ бөлшек сауда айналымының көлемдері бойынша индекс құрастырушы көрсеткіштер жоспардан асыра орындалды.

  2019 жылғы 1 тоқсандағы қорытындылар бойынша негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштердің жағымды серпіні қамтамасыз етілді, бұл өз көрінісін облыс өңірлерінің рейтингісінде 4-ші орында тапты.

 

  ӨНЕРКӘСІП

 Тауарлық өнім өндірісінің көлемі қолданыстағы бағамен 96 745,8 млн.теңгені құрады, өнеркәсіп өнімінің НКИ 89,6% деңгейінде қалыптасты. Өңдеу өнеркәсібінің НКИ -85,6%, тау-кен өндіру-102,7%.

 Өндірістік өнім көлемінің төмендеуі "Қазақмыс корпорациясы" ЖШС-мен Жезқазған мыс балқыту зауытының іске қосылуына байланысты шикізаттың бір бөлігі Балқаш алаңынан Жезқазған алаңына қайта бағытталғаны және 2019 жылғы 15 наурыздан 15 мамырға дейін ПВ-1 пешін жоспарлы жөндеуге тоқтатуына байланысты  2019 жылғы жоспарлы көрсеткіштердің төмендеуіне себер болды.   Осының салдарынан тазартылған мыс (87,5%), тазартылған күміс (87,6%), алтын (87%) және күкірт қышқылы (83,5%) өнімдерінің жекелеген түрлерін шығару көлемдері төмендеді.

"Қазақмыс" корпорациясы кәсіпорындарының үлесіне көлемнің 90,2%, басқа да өнеркәсіп кәсіпорындарының жалпы өнеркәсіп өнімінің 9,8% тиесілі. Басқа да өнеркәсіптік кәсіпорындар өндіріс үлесі 2018 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 9,8% (9528,2 млн. теңге) өсті. Оның ішінде Индустрияландыру картасы кәсіпорындарының өнім шығару көлемі 7 036,5 млн. теңгені немесе өнеркәсіп өндірісінің жалпы көлемінің 7,2% - ын құрады, бұл 2018 жылдың тиісті деңгейінен 16,2% - ға артық (2018ж. қаңтар-наурыз. - 6055,3 млн. теңге).

       

 ИНВЕСТИЦИЯ

 Қала экономикасына 7 183,3 млн.теңге сомасында инвестиция салынды, НКИ – 387%. Инвестиция құрылымында көлемнің 97,2% - ы өндіріс саласына салынды. Өткен жылдың сәйкесті кезеңімен салыстырғанда ұлғаю "Қазақмыс корпорациясы" ЖШС және "КПМ – Дельта"ЖШС кәсіпорындарымен жеке инвестицияларының  салынуымен байланысты.

 

 

 ТАУАРАЙНАЛЫМ

 Бөлшек сауданың жалпы айналымы 6 581 млн.теңгені немесе өткен жылдың сәйкес кезеңіне 102,5% құрады.

 

 БАҒА

2019 жылдың  наурыз айында 2018 жылғы желтоқсан айымен салыстырғанда орташа бағаның келесі өзгерістер тіркелді:

 1 атау бойынша төмендеу: жұмыртқа 9%-ға.

 11 атау бойынша өсу:

1. 1-сұрыпты ұн     1,8%                      7. күнбағыс майы 2,9%

2. күріш                  3,4%                      8. сары май 5,2%

3. қарақұмық          1,6%                      9. күнбағыс майы 2,9%

4. рожки                  8,8%                    10. сәбіз 15,7%

5. тауықтар               7,2%                       11. қырыққабат 49,6% пияз 38,7%

6. пастерленген сүт (2,5%) 8,2%

 

 Бұрынғы деңгейде: нан (1-сұрыпты бидай ұнынан жасалған), сиыр еті, сүзбе, сары май, қант, тұз, картоп.

Азық-түлік өнімдерінің бағасын тұрақтандыру және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында тауар өндірушілермен және көтерме жеткізушілермен меморандумдар жасалды.

 2019 жылғы қаңтар-наурыз айларында 11 ауыл шаруашылық жәрмеңкелері  өткізілді, онда: 65 тонна ет, 6,6 тонна балық және балық өнімдері, 3,3 тонна бакалея өнімдері, 1 тонна сүт өнімдері және басқа да әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдері нарық бағасынан 10-15% төмен бағамен 105,7 млн.теңгеге сатылды.

 

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ

Ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 104,1 млн. теңгені құрады, НКИ 101,1%.

Мал шаруашылығы өнімдерінің көлемі 1,1% - ға артты, шаруа қожалықтары мен қосалқы шаруашылықтарда мал мен құстың барлық түрлерінің ет өндіру (2,3%), сүт сауу көлемі (1%), жұмыртқа өндіру (0,2%) ұлғайды.

 

 ҚҰРЫЛЫС

 Құрылыс жұмыстарының көлемі 399,7 млн. теңгені құрады (2018ж. қаңтар-наурыз айлары  - 175,7 млн. теңге). НКИ-219,6%, оның ішінде құрылыс-монтаж жұмыстары 348,4 млн.теңгеге (3 есе), күрделі жөндеу 44,1 млн. теңгеге (1,5 есе), ағымдағы жөндеу 7,3 млн. теңгеге (21%) орындалды.

 Құрылыс жұмыстары  көлемінің ұлғаюы коммуналдық меншік объектілерін ағымды және күрделі жөндеу, сондай-ақ қаланың өнеркәсіп кәсіпорындарының, оның ішінде "Қазақмыс" корпорациясының технологиялық жабдықтарын, ғимараттарын  жөндеу жұмыстары жүргізлігені арқасында қол жеткізілді.

 

 

ТҰРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫСЫ

Ағымдағы жылдың қаңтар - наурыз айларында Қоңырат ықшам ауданы Русаков көшесіндегі, 48 - пәтерлі 10-шы тұрғын үйді қайта жаңғырту есебінен 2753 шаршы  метрді құрады.

 

ШАҒЫН және ОРТА БИЗНЕС   

 2019 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша жұмыс істеп тұрған шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 58 бірлікке артып, 4142 бірлікті құрады немесе 2018 жылғы тиісті кезеңге 101,4% (4084 бірлік), оның ішінде заңды тұлғалар– 495 бірлік, ЖК - 3615 бірлік, 32 шаруа (фермер) қожалықтары.

Шағын және орта бизнес саласында өндірілген өнім, орындалған жұмыстар және көрсетілген қызметтер көлемі 8196 млн.теңгені немесе өткен жылдың сәйкес кезеңіне 108,5% құрады.

Экономиканың  бұл  саласында жұмыспен қамтылғандар саны 9409 адамды немесе өткен жылдың сәйкес кезеңіне 100,3% құрады.

БЖК-2020 Бірыңғай бағдарламасы шеңберінде 1645,8 млн. теңгеге пайыздық ставканы субсидиялау бойынша 36 жобаны іске асыруда 524 жұмыс орны құрылды, оның ішінде ағымдағы жылы – 131 млн.теңгеге 4 жоба. Жалпы сомасы 45 млн.теңгеге 15 гранттық жоба берілді, 83 жаңа жұмыс орны ашылды. Кепілдік беру құралы бойынша жалпы сомасы 51,5 млн. теңгеге үш жоба мақұлданды.

 

  ҚАРЖЫ КӨРСЕТКІШТЕРІ

  Түсімдер бойынша бюджеттің орындалуы-121,9% (жоспар бойынша – 1122,1 млн. теңге, түсім – 1368,2 млн. теңге).

Қала бюджетінің шығыстар бойынша орындалуы - жоспарға 100% (жоспар – 1627,2 млн. теңге, орындалуы – 1626,8 млн. теңге).

 

  ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ

2019 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша ресми тіркелген жұмыссыздар саны 171 адамды құрады ( 2018 жылғы 01 сәуір – 156 адам).

Ағымдағы жылдың қаңтар - наурыз айларында жұмысқа орналастыру мәселесі бойынша 487 адам өтініш білдірген. 469 жұмыссыз азамат жұмысқа орналастырылды, өтініш білдіргендердің жалпы санының 96% немесе өткен жылдың сәйкес кезеңіне 90% құрады. Қоғамдық жұмыстарға 138 адам қатысты немесе өткен жылдың сәйкес кезеңіне 106,2%.

 Қала бойынша кедейлік шегінен төмен табысы бар 35 отбасы (141 адам) тіркелген, бұл қала бойынша кедейлік пайызын (2018 жылдың қаңтар - наурыз айларында - 14 отбасы (64 адам) анықтайды немесе өткен жылдың сәйкес кезеңінен 2,2 есе көп.

Аз қамтылған азаматтар санының өсуіне әсер еткен негізгі фактор 11471 теңгеден (1кв.2018ж.) 14849 теңгеге дейін (1кв.2019ж.) ең төменгі күнкөріс деңгейінің артуы болып табылады.

 

 

 

БІЛІМ

 Мектепке дейінгі мекемелер желісі 24 ұйымды құрайды, оның ішінде: 3041 баланы қамтитын 14 балабақша; 1021 баланы қамтитын он жалпы білім беретін мектеп базасында 10 шағын орталықтар.

Балаларды мектепке дейінгі біліммен жалпы қамту 4062 адамды құрайды, қамту пайызы 1-ден 6 жасқа дейінгі балалардың жалпы санынан 96,4% (4215 бала), 3-тен 6 жасқа дейінгі балалардың қамтылуы-100%.

Мектептерде 11276 бала оқиды. 1 компьютерге есептегенде оқушылар саны 4,4 адамды құрайды.

 

 ДЕҢСАУЛЫҚ САҚТАУ

Бала туу коэффициенті 5,7%-ға артты (қаңтар-ақпан 2018ж. – 16,79 жағдай, қаңтар-ақпан 2019ж. - 1000 адамға 17,74 жағдай).

Адам өлуі коэффициенті 24,9%-ға артты (2018ж. қаңтар-ақпан 2018ж. -8,47 жағдай, қаңтар-ақпан 2019ж. - 1000 адамға шаққанда 10,58 жағдай), келесі нозологиялар бойынша өсу себептері:

-қан айналымы жүйесінің аурулары 57,9% өсім 100 мың халыққа шаққанда 62,2 құрады (2018ж.қаңтар-ақпан.-39,4), облыстық көрсеткіш - 55,5. Барлығы 49 адам қайтыс болды (2018ж. қаңтар-ақпан -31 адам).

- - қатерлі ісіктер 100 мың халыққа шаққанда 20,3 – ті құрады (2018ж.қаңтар-ақпан 2018ж.-16,5), облыстық көрсеткіште -16,8. Барлығы 16 адам қайтыс болды (қаңтар - ақпан 2018ж.- 13 адам).

- тыныс алу органдарының аурулары 150,3% - ға өсті. 20 жағдай (қаңтар-ақпан 2018ж.-0,58 -8 сл.), облыстық көрсеткіш - 17,60.

  Бала өлімінің коэффициенті ағымдағы жылдың қаңтар - наурыз айларында 3 есе  өсті (2018 жылдың қаңтар - наурыз– 4,67 жағдай, 2019 жылдың қаңтар – наурыз айлары). - 1000 адамға шаққанда 13,16 жағдай) 5 жағдай тіркелді, оның ішінде перинаталдық себептер есебінен шартты түрде алдын алуға болатын 4 жағдай және Шет ауданынан 1 бала.

 

 ҚЫЛМЫСТЫЛЫҚ

 Тіркелген қылмыстар саны 23%-ға азайды және 147 жағдайды құрады (2018ж. қаңтар-наурыз 2018ж. - 191 жағдай), оның ішінде ауыр және аса ауыр қылмыстар-28 жағдай немесе өткен жылдың тиісті кезеңі деңгейінде (2018ж. қаңтар - наурыз. - 28 жағдай). Ауыр қылмыстарды ашу 2018 жылдың сәйкес кезеңіне 12% артты (01.04.2018 ж. - 71,4%, 01.04.2019 ж. - 83,3%).  


Кері қайту


Дата редактирования: 17 Мамыр 2019

Ауа райы

21°
В Балхаше: облачно, Влажность 48%, Давление 710, ветер 5 м/с

Валюта курстары

USD 405.69
Euro 455.51
Рубль 5.72

Дауыс бер

Сіз электрондық үкімет порталында электрондық қызмет алдыңыз ба? Жауап беруДауыс беру мұрағаты
© 2007-2020 Балқаш қаласының әкім аппаратының ақпараттық порталы Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Яндекс.Метрика
© 2020 Зерттеме және сүйеніш: "Creatida" Интернет-компаниясы
На главную
Назад
Вверх