Балқаш қаласы әкімдігінің
Ресми сайт
poisk

Конкурстар

13.01.2020

Қарағанды облысының барлық жергілікті атқарушы органдарының және жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың мемлекеттік қызметшілері арасында «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымының бос орнына орналасуға ішкі конкурс өткізу туралы «Балқаш қаласы әкімінің аппараты» MM-нің хабарламасы


 

 

Конкурсқа қатысушылардың барлығына қойылатын жалпы біліктілік талаптар:

E-R-1 санаты үшін:

      жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

      мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық, стратегиялық ойлану, өзгерістерді басқару;

      жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

      1) мемлекеттік лауазымдардағы қызмет өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, C-4, C-O-4, C-R-3, D-4, D-O-3, Е-3, E-R-3, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

      2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, C-4, C-O-4, C-R-3, D-4, D-O-3, Е-3, E-R-3, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

      3) А-5, B-5, C-4, C-O-4, C-R-3, D-4, D-O-3, Е-3, E-R-3, E-G-1 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;

      4) мемлекеттік лауазымдардағықызмет өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының орталық деңгейдегі лауазымдарында немесе облыстық, қалалық немесе аудандық деңгейдегі басшылық лауазымдарында, немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының тактикалық деңгейінен төмен емес, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының басшылық лауазымдарында екі жылдан кем емес;

      5) жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтаған жағдайда мемлекеттік қызмет өтілі мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, C-4, C-O-4, C-R-3, D-4, D-O-3, Е-3, E-R-3, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда бір жылдан кем емес;

      6) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік орган болып табылмайтын басшылық лауазымдарда 2 жылдан кем емес;

      7) ғылыми дәрежесінің болуы.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 13 желтоқсандағы №85 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес

 

Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің  лауазымдық жалақысы (теңге)

Санаты

Қызмет өткерген жылдарына байланысты

лауазымдық еңбекақысы

min

max

E-R-1

142461

192366

 

«Балқаш қаласы әкімінің аппараты»  ММ (100300, Қарағанды облысы, Балқаш қ., Уәлиханов к-сі., 3, анықтама үшін телефон: 8(71036) 43106, факс: 8(71036) 43106, электрондық пошта: j.nurlybaeva@karaganda-region.gov.kz) мемлекеттік әкімшілік лауазымының бос орынына орналасуға конкурс жариялайды:

  1. 1.   «Балқаш қаласының мемлекеттік активтер және сатып алу  бөлімі»  ММ басшысы (E-R-1 санаты,   №1-1, 1 бірлік).

Функционалдық міндеттері: Бөлімнің қызметін үйлестіреді және бақылайды.                                       Өз құзыреті шегінде мемлекеттік сатып алу және қалалық коммуналдық мүлікті басқару саласындағы қатынастарды реттейтін нормативтік және құқықтық актілердің жобаларын, ұсыныстарын әзірлеу. Ашық конкурстар, аукциондар, орталықтандырылған мемлекеттік сатып алу рәсімдерін ұйымдастыру және өткізу. ҚР заңнамасында белгіленген тәртіппен мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушы болады, Конкурстық комиссия құрады, конкурстық құжаттаманы бекітеді. Мемлекеттік органдармен, мекемелермен және кәсіпорындармен жүзеге асырылатын тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді мемлекеттік сатып алуға талдау және мониторинг жүргізеді. Қалалық коммуналдық меншікті басқару саласындағы жұмыстарды үйлестіру, қалалық коммуналдық мүлікті пайдалануды есепке алуды, сақтауды және бағалауды ұйымдастыру, мемлекеттік коммуналдық мүлікті тиімді және ұтымды пайдалану мәселелері бойынша жұмыстарды жүргізу, мүліктік құқықтарды қорғау бойынша мәселелерді реттеу. Қалалық коммуналдық мүліктің мақсатты және тиімді пайдаланылуын бақылауды жүзеге асыру. Жекешелендіруге жататын коммуналдық меншік объектілерінің тізбесін қалыптастыру, жекешелендіруден кейінгі бақылауды жүзеге асыру. Коммуналдық мүлікті бәсекелестік ортаға беру бойынша сауда-саттықты ұйымдастыру, сатып алу-сату шарттарын жасасу. Қалалық коммуналдық мүлікті мүліктік жалдауға беру рәсімін ұйымдастыру, шарттар жасау.  Қалалық коммуналдық мүлікті сенімгерлік басқаруға беру рәсімін ұйымдастыру, шарт жасау. Коммуналдық меншікке мүлікті қабылдау, оның ішінде сыйға тарту шарты бойынша жұмыстарды үйлестіру. Қалалық коммуналдық мүлікті жекешелендіруден, жалға беруден және басқа да пайдаланудан алынатын қаражаттың бюджетке аударылуына жүйелі бақылау жүргізу. Коммуналдық меншікке айналдырылған (түскен) қалалық коммуналдық мүлікті есепке алуды, сақтауды және пайдалануды бағалауды ұйымдастыру. Дауларды реттеу бойынша шаралар қабылдайды, экономикалық соттарда жергілікті атқарушы органның мүдделерін білдіреді. Өз құзыреті шегінде мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындарға мемлекеттік сатып алу және коммуналдық меншік мәселелері бойынша әдіснамалық көмек көрсету. Өз құзыреті шегінде жоғары тұрған органдарға тиісті ақпаратты, есептерді дайындау және ұсыну.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Білімі –Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім «құқық» мамандықтары бойынша (құқықтану)немесе «әлеуметтік ғылымдары, экономика және бизнес» мамандықтары бойынша (менеджмент,  қаржы, статистика, есеп және аудит, экономика, мемлекеттік және жергілікті басқару). Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы», «Мемлекеттік сатып алу туралы»,«Мемлекеттік мүлік туралы», «Сыбайлас жемқорлықа қарсы іс-қимыл туралы» Заңдарын және осы санаттағы нақты лауазым мамандығына сәйкес облыстағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының басқа нормативтік құқықтық актілерін, «Қазақстан -2050»: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты Стратегиясын  білуі.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар(уәкілетті орган белгілеген нысандағы өтініш; тиісті персоналды басқару қызметімен  құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік отыз күн ішінде расталған қызметтік тізім) мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның және мемлекеттік органның интернет-ресурстарында ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған соңғы күннен бастап 3 жұмыс күнінің ішінде ұсынылуы тиіс.

Конкурстық комиссияның қарауына,почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкімет порталы немесе «Е-қызмет» біріктірілген ақпараттық жүйесі арқылықабылдау мерзімінде жіберілген құжаттар қабылданады.

Құжаттар электронды түрде берілген жағдайда құжаттардың түпнұсқасы немесе нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi әңгімелесу басталғанға дейін бір сағаттан кешіктірілмей беріледі.

Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесуге жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күн ішінде «Балқаш қаласы әкімінің аппараты» ММ өтеді. Аталмыш лауазымдарға орналасатын үміткерлер үшін көтермеақы шығындары, тұрғын үй және жеңілдіктер берілмейді.

Басқарушы лауазымдарына үміттенген кандидаттар конкурстық комиссиямен белгіленген тақырыптардың біріне эссе жазады. Эссе Комиссиямен бағаланады. Эссе жазу уақыты 45 минуттан аспауы қажет.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады, сонымен қатар мемлекеттік орган басшысының келісімі бойынша конкурс комиссиясының отырысына сарапшылар шақырылады.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, мемлекеттік қызмет істері бойынша уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.

Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның қызметкері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасының Парламент және мәслихат депутаттары қатыса алады.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.

 

 

 

 

«Б» корпусының мемлекеттік

әкімшілік лауазымына

орналасуға конкурс өткізу

қағидаларының 2-қосымшасы

 

 

 

 

 

Нысан

__________________________

(мемлекеттік орган)

 

 

 

 

 

 

 

 

Өтініш

Мені_______________________________________________________________________

                                                                                                                                                                

                                                                                                                                                                

                                                                                                                                                                

 

бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.

«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын.

   Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.

   Қоса берілген құжаттар:

______________________________________________________________________________________

______________________________________________________________________________________

______________________________________________________________________________________

______________________________________________________________________________________

______________________________________________________________________________________

______________________________________________________________________________________

______________________________________________________________________________________

 

Мекен жайы және байланыс телефоны____________________________________________________

______________________________________________________________________________________

 

________                                           ____________________________________

(қолы)                        (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))

 

«___»_______________ 20 __ ж.

 

 

 



Кері қайту

01.01.1970
01.01.1970
01.01.1970

Ауа райы

21°
В Балхаше: облачно, Влажность 48%, Давление 710, ветер 5 м/с

Валюта курстары

USD 405.69
Euro 455.51
Рубль 5.72

Дауыс бер

Получали ли Вы электронные услуги на портале электронного правительства? Жауап беруДауыс беру мұрағаты
© 2007-2020 Балқаш қаласының әкім аппаратының ақпараттық порталы Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Яндекс.Метрика
© 2020 Зерттеме және сүйеніш: "Creatida" Интернет-компаниясы
На главную
Назад
Вверх