Балқаш қаласы әкімдігінің
Ресми сайт
poisk

Конкурстар

20.01.2020

Қарағанды облысының барлық жергілікті атқарушы органдарының және жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың мемлекеттік қызметшілері арасында «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарының бос орындарына орналасуға ішкі конкурс өткізу туралы «Балқаш қаласы әкімінің аппараты» MM-нің хабарламасы


 

 

Конкурсқа қатысушылардың барлығына қойылатын жалпы біліктілік талаптар:

 

E-G-3 санаты үшін:

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім, мемлекеттік лауазымдардағықызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі;

мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 13 желтоқсандағы №85 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес.

 

Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің  лауазымдық жалақысы (теңге)

Санаты

Қызмет өткерген жылдарына байланысты

лауазымдық еңбекақысы

min

max

E-G-3

90874

122392

 

«Балқаш қаласы әкімінің аппараты»  ММ (100300, Қарағанды облысы, Балқаш қ., Уәлиханов к-сі., 3, анықтама үшін телефон: 8(71036) 43106, факс: 8(71036) 43106, электрондық пошта: j.nurlybaeva@karaganda-region.gov.kz) мемлекеттік әкімшілік лауазымдарының бос орындарына орналасуға конкурс жариялайды:

  1. 1.   «Гүлшат кенті әкім аппараты» ММ бас маманы (Е-G-3 санаты, №1-2, 1 бірлік).

Функционалдық міндеттері:

Әкім аппаратында іс жүргізу, Кадрлық жұмыс жүргізу, кент әкімінің нормативтік-құқықтық актілерінің жобаларын дайындау, есеп жүргізу. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша іс қағаздарын жүргізу. «ТӨБЕ» ААЖ, "ЭҚАБЖ"электрондық базаларының жұмысын қамтамасыз ету. Нотариаттық іс-әрекеттер жасау бойынша жұмыстарды орындау. Мемлекеттік ішкі саясатты, қоғамдық-саяси саланы насихаттау және түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыру. Қоғамдық-саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету бойынша мемлекеттік саясатты іске асыруға қатысу. Қазақстанның 2050 жылға дейінгі даму стратегиясының негізгі басымдықтарын және Президенттің Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауларын түсіндіру мен насихаттауды ұйымдастыру. Мерекелік күндерге кенттік іс-шаралар жоспарын жасау. Тұрғындардың жиналыстары мен кеңестерін, жалпы кенттік әлеуметтік-мәдени іс - шараларды өткізуді ұйымдастырады және жастар арасында спорттық-сауықтыру жұмыстарын бақылауды жүзеге асырады, олардың мәдени бос уақытын қамтамасыз етеді. Құжаттау және құжаттаманы басқарудың үлгілік қағидаларына, әкім аппаратының, әкімдіктің регламентіне, іс жүргізу жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес әкім аппаратында іс жүргізуді қамтамасыз етеді. Нұсқаулық құжаттарға сәйкес электрондық құжат айналымын жүргізуді қамтамасыз етеді. Келіп түскен құжаттардың орындаушыларға жедел жіберілуін қамтамасыз етеді, Кіріс хат-хабарлардың уақтылы қаралуын және орындалуын бақылайды. Кіріс құжаттарының тиісті сақталуын қамтамасыз етеді, құжаттардың өтуін есепке алу картотекасын жүргізеді. Келіп түскен хат-хабарлардың орындалу сипатын, сапасын және уақтылығын жүйелі түрде талдайды

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын  талаптар:

Білімі -  жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім«гуманитарлық ғылымдар» мамандықтары бойынша немесе «әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес» мамандықтары бойынша немесе «құқық» мамандықтары бойынша (құқықтану). Жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік «гуманитарлық ғылымдар» мамандықтары бойынша немесе «қызмет көрсету, экономика және басқару» мамандықтары бойынша немесе «құқық» мамандықтары бойынша (құқықтану) білімі барларға рұқсат етіледі. Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы», «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы», «Нотариат туралы» Заңдарын,  Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексін, «Қазақстан -2050»: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты Стратегиясын  білуі. 

  1. 2.   «Гүлшат кенті әкім аппараты» ММ бас маманы (Е-G-3 санаты, №1-3, 1 бірлік).

Функционалдық міндеттері: Бухгалтерлік есепті, есеп беруді және қатаң есептілік бланкілерін есепке алуды ұйымдастыру және жүзеге асыру, ұсынылған жұмыстар, тауарлар мен қызметтер үшін шарттар бойынша жеткізушілермен есеп айырысуды жүргізу, бюджеттік өтінімді дайындау және бекіту, баланс, айлық, тоқсандық және жылдық есептер, қызметкерлердің жалақысын есептеу, Мемлекеттік сатып алу бойынша ашық конкурстарды ұйымдастыру, материалдық-қаржылық ресурстарды тиімді, ұтымды пайдалануды бақылау. Коммуналдық мүліктің сақталуына және пайдаланылуына бақылауды қамтамасыз ету, кент әкімінің өзге де тапсырмаларын орындау.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын  талаптар:

Білімі-  жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім «әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес» мамандықтары бойынша (экономика, есеп және аудит, қаржы, мемлекеттік және жергілікті басқару, маркетинг, статистика). Жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік «қызмет көрсету, экономика және басқару»мамандықтары бойынша(экономика (салалар бойынша), есеп және аудит (салалар бойынша), қаржы (салалар бойынша), мемлекеттік және жергілікті басқару, маркетинг (салалары бойынша),  статистика)білімі барларға рұқсат етіледі. Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы», «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы», «Мемлекеттік сатып алу туралы», «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңдарын, Қазақстан Республикасының Бюджет кодексін,  Қазақстан Республикасының Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі) кодексін,  «Қазақстан -2050»: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты Стратегиясын  білуі. 

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар (уәкілетті орган белгілеген үлгі бойынша өтініш;тиісті персоналды басқару қызметімен құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік 30 күн ішінде расталған қызметтік тізім) ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру мемлекеттік органның және уәкілетті органның интернет-ресурстарында соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап 3 жұмыс күнінің ішінде ұсынылуы тиіс.

Конкурстық комиссияның қарауына құжаттарды қабылдау мерзімінде азаматтар құжаттарын электронды түрде «Е-қызмет» интегралды ақпараттық жүйесі не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

Құжаттар электронды түрде мемлекеттік органның электрондық почтасы арқылы берілген жағдайда олардың түпнұсқасы әңгімелесу басталғанға дейін бір сағаттан кешіктірілмей беріледі.

Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесуге жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күн ішінде «Балқаш қаласы әкімінің аппараты»  ММ -де өтеді. Аталмыш лауазымдарға орналасатын үміткерлер үшін көтермеақы шығындары, тұрғын үй және жеңілдіктер берілмейді.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады, сонымен қатар, тар шеңберде мамандырылған лауазымдарға конкурсты өткізген жағдайда мемлекеттік орган басшысының келісімі бойынша конкурс комиссиясының отырысына сарапшылар шақырылады.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде ҚазақстанРеспубликасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.

Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның қызметкері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасының Парламент және мәслихат депутаттары қатыса алады.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Б» корпусының мемлекеттік

әкімшілік лауазымына

орналасуға конкурс өткізу

қағидаларының 2-қосымшасы

Нысан

 

 

 

 

 

 

 

 

__________________________

(мемлекеттік орган)

 

 

Өтініш

Мені_________________________________________________________________________________

                                                                                                                                                                                                                                                                                                              

бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.

«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын.

   Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.

   Қоса берілген құжаттар:

________________________________________________________________________________________

                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                 

Мекен жайы және байланыс телефоны_______________________________________________________  

________________________________________________________________________________________

 

________                                           ____________________________________

(қолы)                        (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))

 

«___»_______________ 20 __ ж.

 

 



Кері қайту

01.01.1970
01.01.1970
01.01.1970

Ауа райы

23°
В Балхаше: ясно, Влажность 47%, Давление 710, ветер 7 м/с

Валюта курстары

USD 405.69
Euro 455.51
Рубль 5.72

Дауыс бер

Получали ли Вы электронные услуги на портале электронного правительства? Жауап беруДауыс беру мұрағаты
© 2007-2020 Балқаш қаласының әкім аппаратының ақпараттық порталы Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Яндекс.Метрика
© 2020 Зерттеме және сүйеніш: "Creatida" Интернет-компаниясы
На главную
Назад
Вверх