Балқаш қаласы әкімдігінің
Ресми сайт
poisk

Конкурстар

14.02.2020

Қарағанды облысының барлық жергілікті атқарушы органдарының және жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың мемлекеттік қызметшілері арасында «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарының уақытша бос және бос орындарына орналасуға ішкі конкурс өткізу туралы «Балқаш қаласы әкімінің аппараты» MM-нің хабарламасы


 

Конкурстың барлық қатысушыларына қойылатын жалпы біліктілік талаптары:

E-R-1 санаты үшін: жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық, стратегиялық ойлану, өзгерістерді басқару;

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

      1) мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, C-4, C-O-4, C-R-3, D-4, D-O-3, Е-3, E-R-3, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда өтілі бір жылдан кем емес;

      2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, C-4, C-O-4, C-R-3, D-4, D-O-3, Е-3, E-R-3, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда өтілі бір жылдан кем емес;

      3) А-5, B-5, C-4, C-O-4, C-R-3, D-4, D-O-3, Е-3, E-R-3, E-G-1 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;

      4) мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының орталық деңгейдегі лауазымдарында немесе облыстық, қалалық немесе аудандық деңгейдегі басшылық лауазымдарында, немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының тактикалық деңгейінен төмен емес, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының басшылық лауазымдарында екі жылдан кем емес;

      5) жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтаған жағдайда мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, C-4, C-O-4, C-R-3, D-4, D-O-3, Е-3, E-R-3, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда бір жылдан кем емес;

      6) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік орган болып табылмайтын басшылық лауазымдарда екі жылдан кем емес;

      7) ғылыми дәрежесінің болуы;

      8) Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.

   

  E-3 санаты үшін: жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

      мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық;

      жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

      1) мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес;

      2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;

      3) Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі бір жарым жылдан кем емес;

      4) мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде орталық, облыстық немесе қалалық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының тактикалық деңгейінен төмен емес, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында бір жылдан кем емес;

      5) жоғары және жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;

      6) ғылыми дәрежесінің болуы;

      7) Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес;

      8) кеңесші және көмекші лауазымына жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

E-4 санаты үшін: жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім, мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі;

      мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

      жоғары немесе жоғарыдан кеінгі білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

 

Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылғы  21 желтоқсанда № 14542 болып тіркелген, Қазақстан РеспубликасыМемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 13 желтоқсандағы №85 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының  мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына  үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес.

 

Әкімшілік мемлекеттік қызметшілердің лауазымдық айлық ақылары:

Санат

Жұмыс өтіліне байланысты лауазымдық айлық ақы 

min

max

E-R-1

142461

192366

Е-3

112713

152035

E-4

100767

136426

 

«Балқаш қаласы әкімінің аппараты»  ММ (100300, Қарағанды облысы, Балқаш қ., Уәлиханов к-сі., 3, анықтама үшін телефон: 8(71036) 43106, факс: 8(71036) 43106, электрондық пошта: j.nurlybaeva@karaganda-region.gov.kz) мемлекеттік әкімшілік лауазымдарының  уақытша бос және бос орындарына орналасуға конкурс жариялайды:

  1. «Балқаш қаласының кәсіпкерлік және ауылшаруашылығы бөлімі»  ММ басшысы (E-R-1 санаты, №1-1, 1 бірлік).

Функционалдық міндеттері:

Бөлімге жалпы басшылықты, бөлімге жүктелген функцияларды және оның қызметін бақылауды жүзеге асырады. Кәсіпкерлік пен өнеркәсіпте ауыл шаруашылығын дамыту үшін мемлекеттік, салалық, қалалық бағдарламаларды іске асыруды қамтамасыз етеді және оларды жүзеге асыру бойынша шаралар әзірлейді. Қаланы дамыту бағдарламасы бойынша жұмысын ұйымдастыру және оны жүзеге асыру бойынша іс-шаралар жоспары, басқа мемлекеттік бағдарлама құжаттарын дайындайды. «Kazakhmys Smelting» ЖШС және оның бөлімшелерімен серіктестік құрады. Кәсіпкерлікті дамытуға толыққанды мемлекеттік қолдау көрсету, шағын және орта бизнеспен өзара әрекеттесу бойынша жұмысты ұйымдастырады. Инвестициялық қызмет бойынша шаралар қабылдайды. Индустрияландыру картасына енгізу үшін жаңа жобаларды анықтау бойынша жұмыстарды үйлестіреді, жобаларды іске асыруды бақылайды, жаңа жұмыс орындарын құруға болады. Қазақстан Республикасы өңірлерімен сауда-экономикалық қатынастарды дамытуды қамтамасыз етеді. Қаланың тауар нарықтарында сұраныс пен ұсынысты зерделеу бойынша жұмыстарды үйлестіреді, оларды дамыту бойынша ұсыныстар мен болжамдарды әзірлейді. Ол инфляцияны бақылаудың бір бөлігі ретінде баға белгілеуді бақылайды және талдайды. Ауыл шаруашылығы саласындағы аграрлық саясатты жүзеге асыру, ауыл шаруашылығы өндірісін механизациялау және электрлендіру, агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы мемлекеттік техникалық байқаудан өткізу, көлік құралының ипотекасын мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті ресімдеу, тіркеу және беру туралы мәселелерді үйлестіреді. және т.б. Ауыл шаруашылығы өнімдері мен оларды қайта өңдеу өнімдері нарығының қызметін бақылайды, инфляциялық процестерді шектеу бөлігінде баға талдайды. Көрмелер мен жәрмеңкелерді ұйымдастырады. Қаланың өңдеу өнеркәсібінің жұмысын ұйымдастырады, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің азық-түлік қорын құрып жатыр. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес агроөнеркәсіптік кешен субъектілеріне мемлекеттік қолдау шараларын ұсыну бойынша жұмысты ұйымдастырады. Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы мемлекеттік техникалық бақылауды жүзеге асыру бойынша жұмыстарды үйлестіреді. Төтенше жағдайларда азаматтық қорғаныс және тамақтану қызметін үйлестіреді.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Білімі – Жоғары  немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім  «ауыл шаруашылық ғылымдары» мамандықтары бойынша (ауыл шаруашылығының механизациясы, агрономия, аграрлық техника және технология) немесе «техникалық ғылымдар мен технологиялар» мамандықтары бойынша (инженер-механик) немесе «әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес» мамандықтары бойынша (менеджмент, қаржы, есеп және аудит, экономика, маркетинг, мемлекеттік және жергілікті басқару).

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы», «Азаматтық қорғаныс туралы», «Лицензиялау туралы», «Мемлекеттік қызметтер көрсету туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы», «Жеке кәсіпкерлік туралы» Заңдарын, Қазақстан Республикасының Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі) кодексін, «Қазақстан -2050»: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты Стратегиясын  білуі.

  1. «Балқаш қаласы әкімінің аппараты» ММ мемлекеттік-құқықтық жұмыс бөлімінің

басшысы (2020 жылғы 22 шілдеге дейін негізгі қызметкердің бала күтіміне арналған демалыс мерзіміне, Е-3 санаты, №5-1,  1 бірлік).

                 Функционалдық міндеттері: Әкім аппаратының қызметінде заңдылықтың сақталуын қамтамасыз етеді. Қала әкімі, әкімдігі қабылдайтын құқықтық актілер жобаларына заңдық сараптама жүргізеді.   Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеуге уақтылы жіберу бойынша жұмысты ұйымдастырады, олардың БАҚ-та уақытылы жариялануына, қабылданған құқықтық актілердің тіркелімін және мониторингін жүргізуге бақылауды жүзеге асырады. Әкім аппаратының, әкімдіктің нормашығармашылық қызметін талдау бойынша жұмысты үйлестіреді. Құқықтық мәселелер бойынша семинарлар, кеңестер ұйымдастыруға және өткізуге қатысады. Әкім аппаратында, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік органдарда құқықтық білім беру мектебінің қызметін қамтамасыз етеді.   Шағым – талап, шарт жұмыстарын ұйымдастыруды, шарт жобаларын, оның ішінде қызметкерлерді жұмысқа қабылдау кезінде жасалатын жеке еңбек жобаларын қарауды қамтамасыз етеді. Соттарда "Қала әкімінің аппараты" ММ, әкімнің және әкімдіктің мүдделерін білдіреді.  Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес, құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі мемлекеттік бағдарламаларды іске асыруды қамтамасыз етеді, қалалық бағдарламаларды, оларды орындау жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлеуге қатысады. Қылмыстық жазаны және қылмыстық-құқықтық Ықпал етудің өзге де шараларын атқаратын мекемелердің қызметіне жәрдемдесу бойынша қалалық Кеңестің қызметін қамтамасыз етеді.  Кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның қызметін үйлестіреді. Құқық қорғау органдарымен құқықтық мәселелер бойынша өзара іс-қимыл жасайды, прокурорлық ден қою актілерін, соттың жеке ұйғарымдарын қарайды, анықталған бұзушылықтарды жою бойынша іс-шараларды әзірлейді. "Заң" деректер базасы ААЖ жұмыс істеуін, уақтылы жаңартылуын және сақталуын бақылайды.  Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік органдардың заңнаманы қолдану практикасын талдайды.

         Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Білімі – жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім «құқық» мамандықтары бойынша (құқықтану). Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы», «Мемлекеттік қызмет көрсету туралы», «Әділет органдары туралы», «Сыбайлас жемқорлықа қарсы іс-қимыл туралы», «Әкімшілік рәсімдер туралы» Заңдарын, «Қазақстан -2050»: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты Стратегиясын  білуі.

  1.  «Балқаш қаласы әкімінің аппараты» ММ мемлекеттік қызметтер көрсетуді

бақылау және ақпараттық технологияларды дамыту бөлімінің бас маманы (2022 жылғы 15 қазанға дейін негізгі қызметкердің бала күтіміне арналған демалыс мерзіміне,  Е-4 санаты, №6-1-1, 1 бірлік)

Функционалдық міндеттері:

       «Облыстың Бірыңғай диспетчерлік қызметі» ААЖ жұмыс істеуін қамтамасыз етеді. Диспетчерлік қызмет базасының уақытылы толтырылуын бақылайды.  Қала әкімі блогының қызметін ұйымдастырады және бақылайды. Азаматтардың электрондық өтініштеріне ақпаратты уақтылы орналастыру бойынша шаралар қабылдайды.  Қала әкімі блогының жұмысы бойынша, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік органдардың Қала әкімінің блогына түскен ескертулерді, ұсыныстарды дер кезінде қарауы бойынша ұсыныстарды талдайды және басшылыққа ұсынады. Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын қаланың атқарушы органдарымен мемлекеттік қызметтерді көрсету, электрондық қызметтерді қалыптастыру және дамыту мәселелері бойынша жұмысты үйлестіреді. Мемлекеттік қызметтерді сапалы және уақытылы көрсету бойынша жұмысты жүргізеді. Мемлекеттік қызмет көрсетудің ай сайынғы мониторингін жүргізеді, Мемлекеттік қызмет көрсету тиімділігінің көрсеткіштерін жақсарту бойынша іс-шаралар әзірлейді, олардың орындалуын бақылайды.  Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын қаланың атқарушы органдарымен мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша ақпаратты жинауды, өңдеуді және талдауды жүзеге асырады. Жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік қызмет көрсету процесінде бұзушылықтарды анықтау мақсатында ішкі бақылау жүргізеді. Электрондық мемлекеттік қызметтерді қалыптастыру мен дамытуды қамтамасыз етеді.

       Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

       Білімі –  Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім «құқық» мамандықтары бойынша (құқықтану)  немесе «әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес» мамандықтары бойынша (менеджмент, қаржы, экономика, мемлекеттік және жергілікті басқару).  Жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім «құқық» мамандықтары бойынша (құқықтану)  немесе «қызмет көрсету, экономика және басқару»  (менеджмент (салалар және қолдану аясы бойынша), қаржы (салалар бойынша), экономика (салалар бойынша), мемлекеттік және жергілікті басқару) білімі барларға рұқсат етіледі.   

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы»,  «Мемлекеттік қызмет көрсету туралы», «Сыбайлас жемқорлықа қарсы іс-қимыл туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» Заңдарын, «Қазақстан -2050»: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты Стратегиясын  білуі.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар (уәкілетті орган белгілеген үлгі бойынша өтініш;тиісті персоналды басқару қызметімен құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік 30 күн ішінде расталған қызметтік тізім) ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру мемлекеттік органның және уәкілетті органның интернет-ресурстарында соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап 3 жұмыс күнінің ішінде ұсынылуы тиіс.

Конкурстық комиссияның қарауына құжаттарды қабылдау мерзімінде азаматтар құжаттарын электронды түрде «Е-қызмет» интегралды ақпараттық жүйесі не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

Құжаттар электронды түрде мемлекеттік органның электрондық почтасы арқылы берілген жағдайда олардың түпнұсқасы әңгімелесу басталғанға дейін бір сағаттан кешіктірілмей беріледі.

Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесуге жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күн ішінде «Балқаш қаласы әкімінің аппараты»  ММ -де өтеді. Аталмыш лауазымдарға орналасатын үміткерлер үшін көтермеақы шығындары, тұрғын үй және жеңілдіктер берілмейді.

Басқарушы лауазымдарына үміттенген кандидаттар конкурс комиссиясымен айқындалған тақырыптар тізімінен бір эссені жазады. Эссе Комисиямен бағаланады. Эссені жазу уақыты 45 минуттан аспау керек.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады, сонымен қатар, тар шеңберде мамандырылған лауазымдарға конкурсты өткізген жағдайда мемлекеттік орган басшысының келісімі бойынша конкурс комиссиясының отырысына сарапшылар шақырылады.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.

Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның қызметкері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасының Парламент және мәслихат депутаттары қатыса алады.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Б» корпусының мемлекеттік

әкімшілік лауазымына

орналасуға конкурс өткізу

қағидаларының 2-қосымшасы

Нысан

__________________________

 

(мемлекеттік орган)

 

 

 

 

Өтініш

Мені___________________________________________________________________________

                                                                                                                                                                     

                                                                                                                                                                     

бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.

«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын.

   Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.

   Қоса берілген құжаттар:

___________________________________________________________________________________

                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                

Мекен жайы және байланыс телефоны__________________________________________________

__________________________________________________________________________________

________                                           ____________________________________

(қолы)                        (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))

 

«___»_______________ 20 __ ж.

 

 



Кері қайту

01.01.1970
01.01.1970
01.01.1970

Ауа райы

21°
В Балхаше: облачно, Влажность 48%, Давление 710, ветер 5 м/с

Валюта курстары

USD 405.69
Euro 455.51
Рубль 5.72

Дауыс бер

Получали ли Вы электронные услуги на портале электронного правительства? Жауап беруДауыс беру мұрағаты
© 2007-2020 Балқаш қаласының әкім аппаратының ақпараттық порталы Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Яндекс.Метрика
© 2020 Зерттеме және сүйеніш: "Creatida" Интернет-компаниясы
На главную
Назад
Вверх