Балқаш қаласы әкімдігінің
Ресми сайт
poisk

Конкурстар

03.04.2020

Төменгі лауазымдар болып табылатын «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымдарының бос орындарына орналасуға жалпы конкурс өткізу туралы «Қарағанды облысы Балқаш қаласы әкімінің аппараты» ММ хабарлама


 

Конкурстың барлық қатысушыларына қойылатын жалпы біліктілік талаптары:

 

E-R-4 санаты үшін:Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім, мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі.

мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

жоғары немесе жоғарыдан кейінгі білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.       Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылғы
21 желтоқсанда №14542 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы  Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 13 желтоқсандағы №85 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына  үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес.

 

Әкімшілік мемлекеттік қызметшілердің лауазымдық айлық ақылары:

 

Санаты

Лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты

min

max

E-R-4

95246

128834

 

«Балқаш қаласы әкімінің аппараты»  ММ (100300, Қарағанды облысы, Балқаш қ., Уәлиханов к-сі., 3, анықтама үшін телефон: 8(71036) 43106, факс: 8(71036) 43106, электрондық пошта: j.nurlybaeva@karaganda-region.gov.kz) мемлекеттік әкімшілік лауазымдарының бос орындарына орналасуға конкурс жариялайды:

1. «Балқаш қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушы көлігі және автокөлік жолдары бөлімі» ММ абаттандыру, автокөлік жолдары, жолаушы көлігі және коммуналдық шаруашылық секторының бас маманы (1 бірлік, №2-1-1, санаты E-R-4)

Функционалдық міндеттері:

Тиісті салада мемлекеттік және салалық бағдарлама жұмыстарының орындалуын бақылауды қамтамасыз етеді. Тапсырыс берушінің қалалық автомобиль жолдарын жобалау, қайта құру, күрделі жөндеу және күту жөніндегі мемлекеттік тапсырысты орындау функцияларын жүзеге асырады. Автомобиль жолдарын жөндеудің жылдық жоспарларын жасауға қатысады.  Жол инфрақұрылымын зерттеу бойынша жұмыс комиссияларын ұйымдастырады. Заңгерлік қызметтерге ұсыныстар дайындайды, мердігерлерге, жобалау-іздестіру топтарына, техникалық қадағалауға және орындалған жұмыстардың ақауларын жоюды жүзеге асыратын басқа ұйымдарға, келісімшарт міндеттемелерін орындамағаны немесе нашар орындағаны үшін талап қояды.  Автомобиль жолдарының көктемгі-күзгі зерттеуіне қатысады.  Жолдарды пайдалану жөніндегі қабылдау комиссияларының жұмысына қатысады. Өз құзыреті шегінде қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуының болжамын, инвестициялық бағдарламалары мен жобаларын талдауға қатысады. Іскери хат-хабарлардың, азаматтардың, заңды тұлғалардың өтініштері мен жетекшілік ететін мәселелер бойынша депутаттық сауалдардың уақытылы қаралуы үшін жеке жауап береді. Қалалық маршруттарға қызмет көрсету құқығына конкурсқа құжаттаманы дайындауды қамтамасыз етеді. Жолаушылар көлігіндегі жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған ісшараларға қатысады.  Өз құзыреті шегінде Балқаш қаласының көлік қызметімен азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар қызметтерімен өзара әрекеттеседі. Төтенше жағдайлар кезінде жол қозғалысын уақытша тоқтата тұру туралы шешімдер қабылдауға қатысады. Жетекшілік ететін кәсіпорындарды дамытудың негізгі мәселелерін анықтайды және оларды шешу бойынша ұсыныстар жасайды. Жолаушылар тасымалы, оның ішінде такси тарифтерін қарау жөніндегі комиссияның жұмысына қатысады. Өз құзыреті шегінде жолаушылар көлігінің кәсіпорындарына көмек көрсетеді. Жолаушылар көлігі саласындағы мәселелер мен сұрақтарды шешу бойынша ұсыныстар енгізеді. Тиісті салада бөлімнің бұйрықтарын әзірлейді және бекітуге ұсынады. ҚР заңнамасымен қарастырылған өзге де әрекеттерді жүзеге асырады. Бөлім бастығының жеке тапсырмаларын орындайды.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Білімі – Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім «техникалық ғылымдар мен технологиялар» мамандықтары бойынша (көлік, көліктік техника және технологиялар,  автомобильдер және автомобиль шаруашылығы) немесе «қызмет көрсету» мамандықтары бойынша (көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру). Жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім «көлік (салалар бойынша) мамандықтары бойынша (көліктік техника, автомобильдер және автомобиль шаруашылығы), немесе   «өндіру, құрастыру, пайдалану және жөндеу (салалар бойынша) мамандықтары бойынша (тасымалдауды ұйымдастыру және көлікте қозғалысты басқару (салалар бойынша)) білімі барларға рұқсат етіледі.

 

2. «Балқаш қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушы көлігі және автокөлік жолдары бөлімі» ММ абаттандыру, автокөлік жолдары, жолаушы көлігі және коммуналдық шаруашылық секторының бас маманы (1 бірлік, № 2-1-3, санаты E-R-4)

Функционалдық міндеттері:

Тиісті саладағы мемлекеттік және салалық бағдарламаларды іске асыру жөніндегі жұмыстардың орындалуын бақылауды қамтамасыз етеді. Өз құзыреті шегінде ведомстволық бағынысты аумақта Балқаш қаласының және іргелес кенттердің ТКШ саласындағы бірыңғай мемлекеттік саясатты жүргізеді; Қала мен іргелес аймақтардың тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық саласындағы ағымдағы және перспективалық тапсырмаларды орындауға бағытталған ісшаралардың дайындалуы мен алда жүзеге асырылуын ұйымдастырады; Қала мен іргелес аймақтардың тіршілікті қамтамасыз етуі туралы ақпаратты облыстың бірыңғай диспетчерлік қызметіне (ОБДҚ) жеткізу бақылауын жүзеге асырады;  Балқаш қаласының коммуналдық меншігіндегі су-, электр-жылу жүйесін пайдалануын ұйымдастырады; жылу энергетикалық кешеннің кәсіпорындарында жанармайдың нормативтік қорының есебін жүргізеді; қала мен іргелес аймақтардың тіршілікті қамтамасыз ету бойынша сумен, жылумен, электр қуатымен жабдықтау бөлігінде тиісті ақпарат берумен бірге тұрақты түрде мониторинг жүргізеді; күздік-қыстық жылу беру маусымына дайындалу мен өту бойынша жұмысты ұйымдастырады; тұрғын және тұрғын емес қорда коммуналдық және пайдаланымдық қызметтер бойынша пайда болған қарыздардың мәселелері бойынша өтініштерді дайындап коммуналдық және пайдаланымдық ұйымдарға бағыттайды;   ақпаратты жинау, оның талдауларын, сапалы коммуналдық қызметтерді ұсыну бойынша мониторниг жүргізу бөлігінде коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестігімен бірлесіп жұмыс жасайды; жетекшілік етіп отырған мәселелер бойынша келіп түсетін құжаттар, жеке және заңды тұлғалардан келіп түсетін өтініштерін бақылау мен орындау бойынша жұмысты ұйымдастырады.  Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою үшін жергілікті атқарушы органның төтенше резерві есебінен іс-шаралар өткізеді.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Білімі – Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім «техникалық ғылымдар мен технологиялар» мамандықтары бойынша (жылу энергетикасы, электр энергетикасы, электрмен жабдықтау және электрификация, құрылыс, құрылыс материалдарын, бұйымдарын және құрастырылымдарын өндіру, өнеркәсіптік, азаматтық құрылыс және қала шаруашылығы).  Жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім «энергетика»  мамандықтары бойынша (жылу техникалық жабдығы және жылумен қамтамасыз ету жүйелері (түрлері бойынша) немесе «құрылыс және коммуналдық шаруашылық» (құрылыс ғимаратының құрылысы және пайдаланылуы) білімі барларға рұқсат етіледі.

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы», «Азаматтық қорғаныс туралы», «Электроэнергетика туралы», «Мемлекеттік сатып алу туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңдарын, «Қазақстан -2050»: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты Стратегиясын  білуі.

 

 

3. «Балқаш  қаласының ішкі саясат бөлімі» ММ бас маманы (1 бірлік, №1-4, E-R-4 санаты).

Функционалдық міндеттері: Қаланың әлеуметтік-саяси жағдайын болжауға бағытталған әлеуметтік-саяси зерттеулер жүргізу. Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін насихаттау және пайдалану бойынша бақылауды жүзеге асыру. Қалалық бұқаралық ақпарат құралдарының мемлекеттің ішкі саясаты бойынша қызметін үйлестіру, бұқаралық ақпарат құралдары арқылы ақпараттық-насихаттауды ұйымдастыру, мерзімді баспаға  жазылуды ұйымдастыру. Әкімдіктің қалаға қатысты ақпаратты тарату жүйесін жетілдіру, мемлекеттік органдардың әлеуметтік-саяси және экономикалық саладағы қызметіне қатысу. Аймақтағы, облыстағы, республикадағы экономикалық, әлеуметтік, әлеуметтік - саяси ақпарат мазмұны бар мерзімді басылымдарды шығару  бойынша жұмыстарды ұйымдастыру. Медиа-жоспарларды дайындау. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғырту» бағдарламалық мақаласының құзыреті шегінде негізгі бағыттарын, Қазақстан Республикасының 2050 жылға дейінгі даму Стратегиясын және жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауының негізгі басымдықтарын іске асыру бойынша іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу. Балқаш қаласы әкімдігі жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның жұмысын уәкілетті органдармен үйлестіру және Қазақстан Республикасында Отбасы және гендерлік саясаттың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасын іске асыруда талдауды қамтамасыз ету. Азаматтық қоғам институттарының өкілдерінің қатысуымен қалалық қоғамдық-саяси іс-шаралар өткізу, қазақстандық патриотизмді насихаттау және тәрбиелеу жұмыстарын ұйымдастыру. Саяси партиялармен, қозғалыстармен және қоғамдық бірлестіктермен Қазақстан Республикасының конституциялық принциптері мен заңнамаларын сақтау бойынша жұмыстар жүргізеді.Этномәдени орталықтарға консультативтік, әдістемелік және ақпараттық көмек көрсету. Қоғамдық бірлестіктермен, бұқаралық ақпарат құралдарымен, қоғамдық және ардагерлер ұйымдарының өкілдерімен байланысты жүзеге асыру. Балқаш қаласы әкімдігі жанындағы үкіметтік емес ұйымдармен ынтымақтастық және өзара іс-қимыл жөніндегі кеңестің жұмысын уәкілетті органдармен үйлестіру және талдау. ҮЕҰ дерекқорына есепті уақтылы тапсырмау туралы Қазақстан Республикасының коммерциялық емес ұйымдар туралы заңнамасын бұзғаны үшін әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасау. Үкіметтік емес ұйымдардың қатысуымен семинарлар, конференциялар, дөңгелек үстелдер ұйымдастыру және өткізу.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Білімі – Жоғары немесе  жоғары оқу орнынан кейінгі білім  «гуманитарлық ғылымдар» мамандықтары бойынша (филология, тарих) немесе «әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес» мамандықтары бойынша (журналистика, саясаттану, әлеуметтану, қоғамдық байланыс, мемлекеттік және жергілікті басқару). Жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім «гуманитарлық ғылымдар» (филология, тарих) мамандықтары бойынша немесе «әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес» (журналистика, саясаттану, әлеуметтану, қоғамдық байланыс,  мемлекеттік және жергілікті басқару) мамандықтары бойынша білімі барларға рұқсат етіледі.

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы»,  «Саяси партиялар туралы», «Діни қызмет және діни бірлестіктер», «Қоғамдық бірлестіктер туралы», «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы», «Мемлекеттік жастар саясаты туралы», «Жарнама туралы» Заңдарын, «Қазақстан -2050»: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты Стратегиясын  білуі.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

1) 1 қосымшаға сәйкес нысандағы өтініш;

2) 3х4 үлгідегі түрлі түсті суретпен 2 қосымшаға сәйкес нысанда толтырылған «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына кандидаттың қызметтiк тiзiмі;

3) бiлiмi туралы құжаттар мен олардың көшірмелерінің нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi.

«Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленуші, сондай-ақ өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын Қазақстан Республикасының азаматтарына шетелдік жоғары оқу орындары, ғылыми орталықтары мен зертханалары берген білім туралы құжаттарды қоспағанда, Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдік білім беру ұйымдарында алған білімі туралы құжаттарының көшiрмелерiне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған бiлiмi туралы құжаттарды нострификациялау немесе тану куәліктерінің көшірмелері қоса беріледі.

«Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленушілерге берілген бiлiмi туралы құжаттарға «Халықааралық бағдарламалар орталығы» Акционерлік қоғамы берген Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясы бойынша оқуды аяқтау туралы анықтаманың көшірмесі қоса беріледі.

Өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын бiлiмi туралы құжаттардың көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған бiлiмi туралы құжаттарды тану туралы анықтаманың көшірмелері қоса беріледі.

Персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) «Е-қызмет» интегралды ақпараттық жүйесі арқылы кандидаттың:

1) құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификаттың;

2) конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы қорытындының бар болуын тексереді.

Қағидалардың 76-тармағының 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың көшірмелерін ұсынуға рұқсат етіледі. Бұл ретте, персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) құжаттардың көшірмелерін түпнұсқалармен салыстырып тексереді.

Жалпы конкурсқа қатысу үшін мемлекеттік қызметші және Заңның 27-бабы
8-тармағы бірінші бөлігінде көрсетілген адамдар келесі құжаттарды тапсырады:

1) 1 қосымшаға сәйкес өтініш;

2) тиісті персоналды басқару қызметімен құжат тапсырғанға дейін бір айдан аспайтын уақытта расталған қызметтік тізім.

Конкурсқа қатысатын мемлекеттік қызметшілер тестілеуден өтпейді.

Жоғарыда көрсетілген құжаттар осы жалпы конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап 7 жұмыс күнінің ішінде ұсынылуы тиіс.

Жалпы конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар «Балқаш қаласы әкімінің аппараты» MM  (100300, Қарағанды облысы, Балқаш қаласы, Уалиханов көшесі, 3 үй, электрондық пошта: (j.nurlybaeva@karaganda-region.gov.kz) құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық пошта мекенжайына электронды түрде не «E-gov» электронды үкімет порталы арқылы  құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

Құжаттардың толық емес пакетін ұсыну комиссияның хатшысымен оларды қабылдаудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

Азаматтар біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне және беделіне қатысты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берілуі туралы құжаттардың көшірмелері, мінездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесуге  жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күн ішінде «Балқаш қаласы әкімінің аппараты» MM-де өтеді. Аталмыш лауазымға орналасатын үміткерлер үшін көтермеақы шығындары, тұрғын үй және жеңілдіктер берілмейді.

Жалпы конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттармен әңгімелесу қажет болған жағдайда қашықтық бейнебайланыс құралдары арқылы өткізілуі мүмкін.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады, сондай-ақ  сарапшыларды шақыруға жол беріледі.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде он сегіз жасқа толған Қазақстан Республикасының азаматтары, оның ішінде мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның жұмыскерлері қатыса алады.

Сарапшы ретінде конкурс жарияланған мемлекеттік органның қызметкері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасының Парламент және маслихат депутаттары қатыса алады.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібінде конкурс комиссиясының немесе персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) шешіміне шағымдана алады.

 

1 қосымша

Нысан

__________________________

__________________________

__________________________

__________________________
 (мемлекеттік орган)

 

Өтініш

 

Мені______________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________

бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.

«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, оларменкелісемін және орындауға міндеттеме аламын.

Менің жеке мәліметтерімді, оның ішінде психоневрологиялық және наркологиялық ұйымдардан мәліметтерімді жинауға және өңдеуге рұқсатымды білдіремін.

Мемлекеттік органның интернет-ресурсында менің әңгімелесуімнің бейнежазбасын транляциялауға және орналасуға келісім беремін ______________.

(иә/жоқ)

Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.

Қоса берілген құжаттар:

____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
     

Мекен жайы ________________________________________________________

 

Байланыс телефоны:_________________________________________________
 

e-mail:  _____________________________________________________________

 

ЖСН _______________________________________________________________

 

_________________________________________________________________ ___                    (қолы)                                (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))

 

 

                                                                                  «___»_______________ 20 __ ж.

 

 

 

 

2 қосымша

Нысан

 

«Б» КОРПУСЫНЫҢ ӘКІМШІЛІК МЕМЛЕКЕТТІК

ЛАУАЗЫМЫНА КАНДИДАТТЫҢ ҚЫЗМЕТТIК ТIЗIМІ

ПОСЛУЖНОЙ СПИСОК КАНДИДАТА НА АДМИНИСТРАТИВНУЮ ГОСУДАРСТВЕННУЮ ДОЛЖНОСТЬ КОРПУСА «Б»

 

_____________________________________________
тегі, аты және әкесінің аты (болған жағдайда) /
фамилия, имя, отчество (при наличии)

ФОТО
(түрлітүсті/ цветное,
3х4)

 

 

_____________________________________________
лауазымы/ должность, санаты/ категория
(болған жағдайда/при наличии)

 

(жеке сәйкестендіру нөмірі /

Индивидуальный идентификационный номер)

 

ЖЕКЕ МӘЛІМЕТТЕР / ЛИЧНЫЕ ДАННЫЕ

1.

Туған күні және жері/
Дата и место рождения

 

2.

Ұлты (қалауы бойынша)/
Национальность (по желанию)

 

 3.

Отбасылық жағдайы, балалардың бар болуы/

Семейное положение, наличие детей

 

4.

Оқу орнын бітірген жылы және оның атауы/
Год окончания и наименование учебного заведения

 

5.

Мамандығы бойынша біліктілігі, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы(болған жағдайда) /
Квалификация по специальности, ученая степень, ученое звание
(при наличии)

 

6.

Шетел тілдерін білуі/
Владение иностранными языками

 

7.

Мемлекеттік наградалары, құрметті атақтары(болған жағдайда) /
Государственные награды, почетные звания (при наличии)

 

8.

Дипломатиялық дәрежесі, әскери, арнайы атақтары, сыныптық шені (болған жағдайда) /
Дипломатический ранг, воинское, специальное звание, классный чин (при наличии)

 

9.

Жазатүрі, оны тағайындаукүні мен негізі (болғанжағдайда) /

Вид взыскания, дата и основания его наложения (при наличии)

 

10.

Соңғы үш жылдағы қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау күні мен нәтижесі, егер үш жылдан кем жұмыс істеген жағдайда, нақты жұмыс істеген кезеңіндегі бағасы көрсетіледі (мемлекеттік әкімшілік қызметшілер толтырады)/
Дата и результаты ежегодной оценки эффективности деятельности за последние три года, в случае, если проработал менее трех лет, указываются оценки за фактически отработанный период (заполняется государственными служащими)

 

ЕҢБЕКЖОЛЫ/ТРУДОВАЯ ДЕЯТЕЛЬНОСТЬ

Күні/Дата

қызметі, жұмысорны, мекеменің орналасқан жері /должность, место работы, местонахождение организации

қабылданған/
приема

босатылған/
увольнения

 
     

 

_____________________
Кандидаттыңқолы/
Подпись кандидата

 

_______________
күні/дата

               

 

 

      * Ескертпе: қызметтік тізімде әрбір атқаратын лауазым бөлек жолда толтырылады

 

 

 

 



Кері қайту

01.01.1970
01.01.1970
01.01.1970

Ауа райы

21°
В Балхаше: облачно, Влажность 48%, Давление 710, ветер 5 м/с

Валюта курстары

USD 405.69
Euro 455.51
Рубль 5.72

Дауыс бер

Получали ли Вы электронные услуги на портале электронного правительства? Жауап беруДауыс беру мұрағаты
© 2007-2020 Балқаш қаласының әкім аппаратының ақпараттық порталы Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Яндекс.Метрика
© 2020 Зерттеме және сүйеніш: "Creatida" Интернет-компаниясы
На главную
Назад
Вверх