Балқаш қаласы әкімдігінің
Ресми сайт
poisk

Конкурстар

11.05.2020

«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарының бос орындарына орналасуға барлық мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері арасында ішкі конкурс өткізу туралы «Балқаш қаласы әкімінің аппараты» MM-нің хабарламасы


 

Конкурстың барлық қатысушыларына қойылатын жалпы біліктілік талаптары:

E-R-1 санаты үшін: жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық, стратегиялық ойлану, өзгерістерді басқару;

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

      1) мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, C-4, C-O-4, C-R-3, D-4, D-O-3, Е-3, E-R-3, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда өтілі бір жылдан кем емес;

      2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, C-4, C-O-4, C-R-3, D-4, D-O-3, Е-3, E-R-3, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда өтілі бір жылдан кем емес;

      3) А-5, B-5, C-4, C-O-4, C-R-3, D-4, D-O-3, Е-3, E-R-3, E-G-1 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;

      4) мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының орталық деңгейдегі лауазымдарында немесе облыстық, қалалық немесе аудандық деңгейдегі басшылық лауазымдарында, немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының тактикалық деңгейінен төмен емес, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының басшылық лауазымдарында екі жылдан кем емес;

      5) жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтаған жағдайда мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, C-4, C-O-4, C-R-3, D-4, D-O-3, Е-3, E-R-3, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда бір жылдан кем емес;

      6) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік орган болып табылмайтын басшылық лауазымдарда екі жылдан кем емес;

      7) ғылыми дәрежесінің болуы;

      8) Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.

Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылғы  21 желтоқсанда № 14542 болып тіркелген, Қазақстан РеспубликасыМемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 13 желтоқсандағы №85 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының  мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына  үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес.

Әкімшілік мемлекеттік қызметшілердің лауазымдық айлық ақылары:

Санат

Жұмыс өтіліне байланысты лауазымдық айлық ақы 

min

max

E-R-1

354695

462644

 

«Балқаш қаласы әкімінің аппараты»  ММ (100300, Қарағанды облысы, Балқаш қ., Уәлиханов к-сі., 3, анықтама үшін телефон: 8(71036) 43106, факс: 8(71036) 43106, электрондық пошта: j.nurlybaeva@karaganda-region.gov.kz) мемлекеттік әкімшілік лауазымдарының   бос орындарына орналасуға конкурс жариялайды:

  1. «Балқаш қаласының тұрғын үй-коммуналдық шарушылық, жолаушы көлігі және автокөлік жолдары бөлімі» ММ    басшысы (E-R-1 санаты, №1-1, 1 бірлік).

                 Функционалдық міндеттері:

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамытудың мемлекеттік бағдарламаларын іске асыруды қамтамасыз етеді.  Қалада және жақын маңдағы кенттерде жылыту маусымын дайындау мен өтуін бақылайды.  Әлеуметтік және мәдени нысандарды, үй-жайларды жылу беру маусымына дайындауға арналған іс-шараларды  жүзеге асырады, кварталаралық  және үйдің ішкі жылу, су, канализация, дренаждық желілер, электр беру желілері, электрлік қосалқы станциялардағы жөндеу жұмыстарына жетекшілік етеді.  Қала мен жақын маңдағы кенттерде тұрақты су, жылу және электрмен жабдықтау бойынша жұмыстарды үйлестіреді, күнделікті мониторинг жүргізеді.  Су шаруашылығы объектілерін, инженерлік және коммуналдық инфрақұрылымдарды қайта құру жоспарларын, сондай-ақ қоршаған ортаны қорғау туралы заңнаманы іске асыруды үйлестіреді.  Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықтың, жолаушылар көлігі мен автомобиль жолдарының нарықтық қатынастарын реттеу бойынша өз құзыреті шегінде меншік нысандарына қарамастан кәсіпорындар мен ұйымдармен бірлескен жұмыс жүргізеді.  Қала аумағында орналасқан және тасымалдауды жүзеге асыратын жолаушылар көлігі кәсіпорындарының жұмысын, жолаушылар мен багажды тасымалдау ережелерінің орындалуын, тарифтердің сақталуын, олардың бағыттары мен маршруттарының кестелерін әзірлеуді бақылайды. Қалалық көшелерді, жергілікті маңызы бар автожолдарды жергілікті бюджеттен жөндеу және күту бойынша ұсыныстар әзірлейді. Автомобиль жолдарының техникалық жағдайын бақылайды, жолдарды пайдалану, күтіп ұстау және күрделі жөндеуді жақсарту бойынша ұсыныстарды талдау негізінде дайындайды. Өз құзіреті шегінде Балқаш қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту, жолаушыларды тасымалдау және автокөлік жолдары бойынша басым бағыттағы бағдарламаларын әзірлейді және іске асырады. Қала мен басқа да елді-мекендердің коммуналдық меншіктегі көшелерінің құрылысына, жөндеуіне және  күтіп ұстауына, жергілікті автокөлік жолдарын жөндеу жұмыстарына жергілікті, облыстық, республикалық бюджеттен қаржы бөлу көлемін айқындайды және бекітеді. Автомобиль жолдарының ағымдық және орташа жөндеу жұмыстарының сметалық есептерін,  жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеуді бақылайды. Жаңа жолдарды қайта құру және салу кезінде құрылыс нормаларының сақталуын бақылайды. Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес, жол қызметіне бағытталған қаржының пайдаланылуын анықтайды және мақсатты жұмсалуын қамтамасыз етеді.  Мемлекеттік сатып алу жұмыстары мен қызметтердің келісім шарттарын орындауда, сонымен қоса, бөлінген бюджеттік қаражаттарды игеруді үнемі бақылау мен мониторинг жүргізуді қамтамасыз етеді. Қалада көлік инфрақұрылымын дамыту бойынша жұмыстарды үйлестіреді. Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты ұйымдастырады, жол қозғалысы қауіпсіздігі бойынша комиссия жұмысын үйлестіреді. Тұрғын үй қорын инвентаризациялау бойынша жұмыс жүргізеді. Коммуналдық заңды тұлғалардың мүліктерін пайдалану мен сақталуын және коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындарының даму жоспарының іске асырылуы бойынша бақылау жүргізеді. Бағынысты коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың экономикалық жағдайын жақсарту бойынша шаралар қабылдайды. Тұрғын үй құқықтық қатынастар саласындағы жұмысты үйлестіреді, иесіз тұрғын үйді анықтау бойынша жұмыстар жүргізеді және олардың коммуналдық меншікке берілуін қамтамасыз етеді.  Энергияны үнемдеу бағдарламасын іске асыру бойынша жұмыстарды жүргізеді. Мемлекеттік қызметті уақтылы және сапалы көрсетуге бақылау жүргізеді.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Білімі – Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім «техникалық ғылымдар мен технологиялар» мамандықтары бойынша (құрылыс материалдарын, бұйымдарын және құрастырылымдарын өндіру, құрылыс, көлік, көліктік техника және технологиялар, жылу энергетикасы, электр энергетикасы,  автомобильдер және автомобиль шаруашылығы) немесе «қызмет көрсету»  мамандықтары бойынша (көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру). Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы», «Азаматтық қорғаныс туралы», «Электроэнергетика туралы», «Мемлекеттік сатып алу туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңдарын, «Қазақстан -2050»: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты Стратегиясын  білуі.

  1. «Балқаш қаласының тұрғын-үй инспекциясы бөлімі» ММ    басшысы (E-R-1 санаты, №1-1, 1 бірлік).

                 Функционалдық міндеттері:

Бөлімнің қызметін жалпы басқаруды және бақылауды жүзеге асырады. Тұрғын үй қорын сақтау және дұрыс пайдалану жөніндегі іс-шараларды қамтамасыз етеді және ұйымдастырады; тұрғын үй қорын сақтау және дұрыс пайдалану үшін кондоминиумды басқару органдарының қызметін бақылауды қамтамасыз етеді. Көппәтерлі тұрғын үйді мемлекеттік техникалық зерттеп-қарауды ұйымдастырады. Кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне күрделі жөндеу жүргізу тізбесін, кезеңдері мен кезектілігін айқындайды. Кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне күрделі жөндеу жүргізуге арналған шығыстар сметасын келіседі. Кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеу бойынша орындалған жұмыстарды қабылдау жөніндегі комиссияларға қатысу.  Заңды және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстау қағидаларын бұзушылықтарды жою жөнінде орындалуы міндетті нұсқамалар (ұсынулар) шығарады және әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы хаттамалар жасайды. Пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелерi өтініш жасаған кезде кондоминиум объектісін басқару және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстау жөніндегі есептің бар-жоғына тексеру жүргізу жөніндегі өкілеттіктерді жүзеге асырады.  Меншікке қарамастан тұрғын үйді пайдалануға және ұстауға басшылық жасайды; тұрғын үй-жайларды, жалпы аумақтарды, баспалдақтарды және кіреберістерді санитарлық-тұрмыстық қамтамасыз ету; белгіленген тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықтың негізділігі. Тұрғын үй қорын пайдалануды және күтiп-ұстауды, тұрғын үй қорының техникалық жағдайын және оның инженерлiк жабдықтарын, тұрғын үй қорын санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау жөнiндегi тиiстi қызметтермен үйлестiрiлген тексеру жүргiзудi ұйымдастыру. Тұрғын үй қорының сақталуын қамтамасыз ету жөнінде ұсыныстар әзірлейтін есептік және жүйелі деректерді және инспекторлық тексерулердің нәтижелерін қамтамасыз етеді. Тұрғын үй қорын маусымдық пайдалануға дайындауды және өтуді бақылауды ұйымдастырады.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Білімі – Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім «техникалық ғылымдар мен технологиялар» мамандықтары бойынша  (құрылыс материалдарын, бұйымдарын және құрастырылымдарын өндіру, құрылыс, өнеркәсіптік, азаматтық құрылыс және қала шаруашылығы) немесе  «құқық»  мамандықтары бойынша  (құқықтану) немесе  «әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес»  мамандықтары бойынша  (менеджмент, қаржы,  экономика).

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы», «Азаматтық қорғаныс туралы», «Тұрғын үй қатынастары туралы», «Мемлекеттік сатып алу туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы»Заңдарын, Қазақстан Республикасының Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі) кодексін, «Қазақстан -2050»: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты Стратегиясын  білуі.

  1. «Балқаш қаласының кәсіпкерлік және ауылшаруашылығы бөлімі»  ММ басшысы (E-R-1 санаты, №1-1, 1 бірлік).

Функционалдық міндеттері:

Бөлімге жалпы басшылықты, бөлімге жүктелген функцияларды және оның қызметін бақылауды жүзеге асырады. Кәсіпкерлік пен өнеркәсіпте ауыл шаруашылығын дамыту үшін мемлекеттік, салалық, қалалық бағдарламаларды іске асыруды қамтамасыз етеді және оларды жүзеге асыру бойынша шаралар әзірлейді. Қаланы дамыту бағдарламасы бойынша жұмысын ұйымдастыру және оны жүзеге асыру бойынша іс-шаралар жоспары, басқа мемлекеттік бағдарлама құжаттарын дайындайды. «Kazakhmys Smelting» ЖШС және оның бөлімшелерімен серіктестік құрады. Кәсіпкерлікті дамытуға толыққанды мемлекеттік қолдау көрсету, шағын және орта бизнеспен өзара әрекеттесу бойынша жұмысты ұйымдастырады. Инвестициялық қызмет бойынша шаралар қабылдайды. Индустрияландыру картасына енгізу үшін жаңа жобаларды анықтау бойынша жұмыстарды үйлестіреді, жобаларды іске асыруды бақылайды, жаңа жұмыс орындарын құруға болады. Қазақстан Республикасы өңірлерімен сауда-экономикалық қатынастарды дамытуды қамтамасыз етеді. Қаланың тауар нарықтарында сұраныс пен ұсынысты зерделеу бойынша жұмыстарды үйлестіреді, оларды дамыту бойынша ұсыныстар мен болжамдарды әзірлейді. Ол инфляцияны бақылаудың бір бөлігі ретінде баға белгілеуді бақылайды және талдайды. Ауыл шаруашылығы саласындағы аграрлық саясатты жүзеге асыру, ауыл шаруашылығы өндірісін механизациялау және электрлендіру, агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы мемлекеттік техникалық байқаудан өткізу, көлік құралының ипотекасын мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті ресімдеу, тіркеу және беру туралы мәселелерді үйлестіреді. және т.б. Ауыл шаруашылығы өнімдері мен оларды қайта өңдеу өнімдері нарығының қызметін бақылайды, инфляциялық процестерді шектеу бөлігінде баға талдайды. Көрмелер мен жәрмеңкелерді ұйымдастырады. Қаланың өңдеу өнеркәсібінің жұмысын ұйымдастырады, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің азық-түлік қорын құрып жатыр. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес агроөнеркәсіптік кешен субъектілеріне мемлекеттік қолдау шараларын ұсыну бойынша жұмысты ұйымдастырады. Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы мемлекеттік техникалық бақылауды жүзеге асыру бойынша жұмыстарды үйлестіреді. Төтенше жағдайларда азаматтық қорғаныс және тамақтану қызметін үйлестіреді.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Білімі – Жоғары  немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім  «ауыл шаруашылық ғылымдары» мамандықтары бойынша (ауыл шаруашылығының механизациясы, агрономия, аграрлық техника және технология) немесе «техникалық ғылымдар мен технологиялар» мамандықтары бойынша (инженер-механик) немесе «әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес» мамандықтары бойынша (менеджмент, қаржы, есеп және аудит, экономика, маркетинг, мемлекеттік және жергілікті басқару).

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы», «Азаматтық қорғаныс туралы», «Лицензиялау туралы», «Мемлекеттік қызметтер көрсету туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы», «Жеке кәсіпкерлік туралы» Заңдарын, Қазақстан Республикасының Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі) кодексін, «Қазақстан -2050»: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты Стратегиясын  білуі.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

1.1 қосымшаға сәйкес нысандағы өтініш;

2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 21 қазандағы № 14 бұйрығымен бекітілген, тиісті персоналды басқару қызметі құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік отыз күн ішінде растаған мемлекеттік қызметшінің қызметтік тізімі.

Құжаттар мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның интернет-ресурсында ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күннен бастап 3 жұмыс күнінің ішінде ұсынылуы тиіс.

Қарауға хабарландыруда көрсетілген электрондық пошта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы немесе
«Е-қызмет» интегралды ақпараттық жүйесі арқылы қабылдау мерзімінде жіберілген құжаттар қабылданады.

Құжаттардың толық емес пакетін немесе дәйексіз мәліметтерді ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуына негіз болып табылады.

Азаматтар біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне және беделіне қатысты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берілуі туралы құжаттардың көшірмелері, мінездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесуге жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күн ішінде «Балқаш қаласы әкімінің аппараты» ММ өтеді.

Ішкі конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттармен әңгімелесу қажет болған жағдайда қашықтық бейнебайланыс құралдары арқылы өткізілуі мүмкін.

А-1, В-1, С-1, С-О-1, C-R-1, D-1, D-О-1, Е-1, E-R-1 санаттарының лауазымдарына үміттенген кандидаттар конкурс комиссиясы айқындаған тақырыптардың біреуіне екі жүз сөзден аспайтын бір эссені мемлекеттік немесе орыс тілінде кандидаттың таңдауы бойынша жазады. Эссені конкурс комиссиясы бағалайды. Эссені жазу уақыты 45 минуттан аспауы керек.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар  шақырылады, сондай-ақ сарапшыларды шақыруға жол беріледі.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде он сегіз жасқа толған Қазақстан Республикасының азаматтары, оның ішінде мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның жұмыскерлері қатыса алады.

Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның қызметкері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасының Парламент және мәслихат депутаттары қатыса алады.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібінде конкурс комиссиясының немесе персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) шешіміне шағымдана алады.

 

1 қосымша

Нысан

__________________________

__________________________

__________________________

__________________________

 (мемлекеттік орган)

Өтініш

Мені___________________________________________________________

________________________________________________________________

__________________________________________________________________

бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.

«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, оларменкелісемін және орындауға міндеттеме аламын.

Менің жеке мәліметтерімді, оның ішінде психоневрологиялық және наркологиялық ұйымдардан мәліметтерімді жинауға және өңдеуге рұқсатымды білдіремін.

Мемлекеттік органның интернет-ресурсында менің әңгімелесуімнің бейнежазбасын транляциялауға және орналасуға келісім беремін ______________.

(иә/жоқ)

Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.

Қоса берілген құжаттар:

____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

          Мекен жайы ___________________________________________________

Байланыс телефоны:_____________________________________________

e-mail:  _________________________________________________________

ЖСН _________________________

_______________________________________________________________

        (қолы)                            (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))

 

                                                                       «___»_______________ 20 __ ж.

 



Кері қайту

01.01.1970
01.01.1970
01.01.1970

Ауа райы

23°
В Балхаше: ясно, Влажность 47%, Давление 710, ветер 7 м/с

Валюта курстары

USD 405.69
Euro 455.51
Рубль 5.72

Дауыс бер

Получали ли Вы электронные услуги на портале электронного правительства? Жауап беруДауыс беру мұрағаты
© 2007-2020 Балқаш қаласының әкім аппаратының ақпараттық порталы Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Яндекс.Метрика
© 2020 Зерттеме және сүйеніш: "Creatida" Интернет-компаниясы
На главную
Назад
Вверх