Балқаш қаласы әкімдігінің
Ресми сайт
poisk

Жаңалықтар

14.02.2020

Депутаттар қала бюджетіне өзгерістер енгізді.


Бүгін қалалық маслихаттың  кезектен тыс 36 сессиясы өтті. Оның жұмысына қала әкімі, орынбасарлары, мемлекеттік мекеме басшылары қатысты. Сессияда мәслихаттың «2020-2022 жылдарға арналған қала бюджеті туралы» және «Саяқ және Гүлшат ауылдарының бюджеті туралы» шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы мәселелер талқыланды.

Өзгерістердің себептері жергілікті бюджет кірістерінің асыра орындалуы және 2019 жылдың қорытындысы бойынша бюджет қаражатының артылып қалуы.

Қосымша қаржыландыру қаланы дамытудың проблемалық мәселелерін шешуге, соның ішінде «Самал» ықшамауданында жалдамалы тұрғын үй құрылысын салу, қалалық жағажайды абаттандыру жобасын әзірлеу, Тоқырау-Саяқ насос станцияларын жаңарту, тұрғын үйлердің қасбеттері мен шатырлын жөндеу секілді басқа да істерге жұмсалады.

Бюджетті нақтылау барысында бұрын айтылған ұсыныстар қалалық мәслихаттың тұрақты комиссиясының кеңейтілген отырысында қаралды.

Депутаттар бюджеттің ұсынылған өзгерістеріне бірауыздан дауыс берді.



Кері қайту

Ауа райы

11°
В Балхаше: ясно, Влажность 31%, Давление 719, ветер 5 м/с

Валюта курстары

USD 431.03
Euro 471.76
Рубль 5.85

Дауыс бер

Получали ли Вы электронные услуги на портале электронного правительства? Жауап беруДауыс беру мұрағаты
© 2007-2020 Балқаш қаласының әкім аппаратының ақпараттық порталы Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Яндекс.Метрика
© 2020 Зерттеме және сүйеніш: "Creatida" Интернет-компаниясы
На главную
Назад
Вверх